Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 383.43
EUR 432.47
RUB 6.12
CNY 55.78

БҚО ассамблеясы президенттік сайлау өткізуді қолдайды

2019 жылдың 10 сәуір 2019 21:21 832

 ОРАЛ. ҚазАқпарат  - Қазақстан халқы БҚО ассамблеясының мүшелері кезектен тыс президенттік сайлау өткізуді қолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Актив отырысын ашқан өңірлік ассамблея төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғайса Қапақов ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жариялаған үндеуінің мән-маңызы зор екендігін атап көрсетті.

Облыстық қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі, «Батыс Қазақстан облысы автобус паркі» ЖШС директоры Нұрлыбек Бірманов елдегі қоғамдық-саяси жағдайға қысқаша тоқталып, мерзімінен бұрын президенттік сайлауды өткізудің орынды екендігін, сондықтан әркімнің азаматтық белсенділік танытып, осынау саяси науқанға белсенді қатысу қажеттігін жеткізді.


null 

БҚО аналар кеңесінің мүшесі Алтынай Есқалиева Қазақстанның дамуы оның басшысына байланысты екендігін, сондықтан оны дұрыс таңдай білу үшін қоғамдық ұйымдардың да сайлауға белсенді атсалысатынын атап өтті.

Отырыста сондай-ақ М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті «Рухани жаңғыру» институтының ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының магистрі Даниял Танзенов, «Ламед» еврей этномәдени қоғамдық бірлестігінің төрағасы Феликс Баюканский, Қазақстан халқы БҚО ассамблеясы төрағасының орынбасары, «Вайнах» шешен-ингуш қоғамдық бірлестігінің төрағасы Данильбек Саратов және басқалар алдыңғы сөйлеушілердің сөздерін толықтай қолдады. 



null 

null 

null 

null 

Суреттер: Рафхат Халелов

Жоғары қарай