Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Біздің астана Нұрсұлтан деп аталуы керек - Қасым-Жомарт Тоқаев

2019 жылдың 20 наурыз 2019 12:27

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгіннен бастап Президент міндетін уақытша атқаруға кіріскен Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласының атауын Нұрсұлтан деп өзгерту туралы ұсыныс жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің ұлы замандасымыздың, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімін келесі жолдармен мәңгі есте қалдыру дұрыс деп санаймын. Біздің астана Президентіміздің есімімен Нұрсұлтан деп аталуы керек. Мұндай ұсыныстар бұрын, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы тұсында да парламентерийлермен, Парламент депуттарымен айтылған болатын. Бұдан бөлек, біздің елордада Тұңғыш Президенттің құрметіне монумент орнатуды ұсынамын. Барлық облыстық қалалардың басты көшелерін - Нұрсұлтан Назарбаев деп атау дұрыс деп деп есептеймін. Елбасыға біздің мемлекеттің ең жоғарғы атақтарына лайықты. «Халық қаһарманы», «Еңбек ері» атағын беруді ұсынамын. Сенаттың бұрынғы төрағасы ретінде Елбасыға құрметті сенатор мәртебесін беру керек деп есептеймін. Тұңғыш Президент түсірілген барлық суреттер мен фотолар жариялы нысандардың, мемлекеттік қызметшілер кабинеттерінің, оқу орындары ғимараттарының міндетті атрибуты ретінде қалады. Сонымен бірге, Елбасының бүкіл өмір жолы Тұңғыш Президент, Ұлт көшбасшысы туралы заңға және өзге де заңнамалық құжаттарға сәйкес қамтамасыз етілетін болады. Елбасының атында барлық қызметтік инфрақұрылымдар қалады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жоғары қарай