Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 443.50
EUR 479.47
RUB 5.79
CNY 62.51

Біз теңбіз: Елордада сал ауруына шалдыққан балалар өзін-өзі басқару күнін өткізді

2020 жылдың 21 ақпан 2020 13:23

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - БҰҰ Балалар қоры бекіткен «Әлеуметтік әділдік пен әлеуметтік теңдік» күніне орай «Қасиетті жол» қайырымдылық қоры ерекше балалардың қамқоршысы ретінде «Біз теңбіз» деп аталатын өзін-өзі басқару күнін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шара барысында Оңалту орталығында ем алып жүрген балалар маман ретінде қызмет көрсетсе, келген қонақтар пациент рөлін ойнады.

«Оңалту орталығының қонақтарын Өскемен қаласынан келген Алихан мейіргер ретінде қарсы алып, орталық туралы ақпарат берді. Кейін «пациенттер» неврапотолог «дәрігерлер» Юра мен Ернұрдың кеңесін алды. Келесі кабинетте оларды Санжар есімді «психолог» күтіп отырды. Балалар дефектолог, логопет болып та көрді. Жер басып жүрген әрбір адам қоғамның белсенді мүшесі. Басқа адамдардың ерекше жандарды кемсітіп, теріс көзқараста болуы – сол адамның кемдігі деп түсіну керек», - дейді Оңалту орталығының баспасөз хатшысы Жадыра Дәулетова.

Бұл іс-шара ЮНИСЕФ ұйымы бастаған #itsAllAboutAbility бастамасын қолдай отырып ұйымдастырылған.

Еске сала кетсек, «Қасиетті жол» қоғамдық қайырымдылық қоры 2011 жылдан бастап сал ауруына шалдыққан балаларға оңалту қызметін көрсетіп келеді. 2014 жылы Қордың «Қасиетті жол» деп аталатын алғашқы Оңалту орталығы ашылды. 2017 жылы «Балапан» ерте араласу орталығы мен «Kzhol Shymkent» оңалту орталықтары ашылды. Бүгінгі таңда 3 орталық біріге отырып жылына 1560 баланы кешенді медициналық оңалтудан өткізеді.





Автор Зарина Қаһарман
Басты сөздер: Медицина, Қоғам,
Жоғары қарай