Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 443.50
EUR 479.47
RUB 5.79
CNY 62.51

Біз біргеміз: 11 мың отбасы көмек алды

2020 жылдың 26 наурыз 2020 14:09

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек «Біз біргеміз!» акциясы аясында қанша адамға көмек көрсетілгенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Біз біргеміз!» республикалық акциясы аясында Елбасының тапсырмасы бойынша «Nur Otan» партиясы мен Тұңғыш Президент Қоры коронавирус кезеңінде халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына қолдау көрсету үшін қаражат бөлді. Тек соңғы 6 күнде бүкіл ел көлемінде 11 600-ден астам отбасыға 214 млн. теңгеге көмек көрсетілді»,– деп жазды Бауыржан Байбек Facebook-тегі парақшасында .

Сонымен қатар, ол «Jas Otan» волонтерлары мен белсенді нұротандықтарға алғысын білдірді.

«Жалғыз басты қарттарға, тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға, ерекше қажеттіліктері бар азаматтар мен басқа да мұқтаж жандарға әлеуметтік пакеттерді байланыссыз үлестіріп беруге ерікті түрде атсалысып жүрген «Jas Otan» волонтерлары мен белсенді нұротандықтарға алғыс айтамын»,– деді ол.















Жоғары қарай