Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 443.50
EUR 479.47
RUB 5.79
CNY 62.51

Биыл Жетісайда 78 мың гектар алқапқа егін егіледі

2020 жылдың 25 ақпан 2020 09:22

ЖЕТІСАЙ. ҚазАқпарат - Биыл Түркістан облысының Жетісай ауданында 78,5 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы өнімдері егіледі. Оның басым көпшілігі - мақта дақылы, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Биыл ауданда 45,1 мың гектар егістік алқапқа мақта дәні себіледі. Екінші басымдық бақша дақылдарына беріледі.

Нақтырақ айтсақ, биыл жетісайлық диқандар 17 мың гектар жерге қауын-қарбыз егуге ниеттеніп отыр. Бұдан бөлек, ауданда 3,6 гектарға - көкөніс, 4,8 гектарға - дәндік жүгері, 2,7 гектарға - мал азық дақылдары, картоп - 0,2 га, күріш - 0,8, маш - 0,2, күнбағыс - 0,1 гектарға егілмек.








«Қазіргі таңда шаруалар көктемгі агротехникалық және сор шаю жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бүгіннің өзінде аудан бойынша 65 593 гектар жер айдалып, 43 961 гектар жерге пал алынған. Нәтижесінде бүгінгі таңда сор шайылған жер көлемі 19 295 гектарды құрап отыр. Аудан шаруалары 1055 гектар алқапқа ақпан айынан бастап қырыққабат екті. Көкөніс дақылдарын егу жұмысы жалғасуда» делінген хабарламада.





Биыл 45,1 мың гектар алқапқа мақта егу жоспарланған. Оған 1400 тонна мақта тұқымы қажет. Ауданда мақта тұқымын дайындайтын кәсіпорындарда бүгінгі таңға 1149 тонна шиіт дайындалған. Жоспар бойынша мақта тұқымының жетіспеушілігі болмайды.





Жоғары қарай