Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 386.82
EUR 428.67
RUB 5.86
CNY 54.95

Биыл ШЫҰ аумағында 7 тонна есірткі тәркіленген

2019 жылдың 9 тамыз 2019 16:12 88

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат –Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан ішкі істер министрлерінің екінші кеңесіне қатысқан Ерлан Тұрғымбаев Қазақстан полицейлерінің трансұлттық қылмыспен қалай күресетінін айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Біздің елдер аумағында қауіпті қылмыскерлерді іздеу және ұстау, ауыр қылмыстарды бірлесіп ашу жолға қойылғанына көптеген мысалдар бар. ТМД шеңберінде жыл сайын 2 рет өтетін «Іздестіру» халықаралық операциясынан тәжірибе жинақталғанын атап өткім келеді. Сонымен қатар, бірінші рет мал ұрлығы мен адам саудасына байланысты қылмыстардың алдын алуға және ашуға бағытталған «Скотокрад» және «Стоп-трафик» үйлестірілген жедел-алдын алу операциялары өткізілді. Соның арқасында халықаралық іздеуде жүрген қылмыскерлер ұсталды, шекара арқылы заңсыз айдалатын ондаған бас мал табылып, адам саудасына байланысты 100-ге жуық қылмыс анықталды. Шанхай ынтымақтастық ұйымы шеңберінде жақында ғана синтетикалық есірткілерді жеткізу және тарату арналарының жолын кесуге бағытталған «Паутина» операциясы өтті. Оның барысында ШЫҰ елдерінің аумағында 1 мыңнан астам есірткі қылмысы анықталып, 7 тоннаға жуық түрлі есірткі тәркіленді, 2 мыңнан астам адам ұсталды. ШЫҰ мемлекет басшыларының шешімі бойынша бұл операция алдағы уақытта тұрақты түрде жүргізілетін болады»,-деп атап өтті Ерлан Тұрғымбаев.

Министрдің сөзіне қарағанда, биыл Орталық Азия елдерінен ішкі істер органдарының сұраулары бойынша Қазақстан аумағында 70-ке жуық қылмыскер іздестірілген.

«Бірлескен іздестіру жұмыстары аясында қылмыстық істер бойынша нақты тәжірибелік құқықтық көмек көрсетіледі. Биыл Қазақстаннан Қырғызстанға және Өзбекстанға 4 жедел-тергеу тобы барды. Олардың барлығы әріптестерінен қажетті қолдау мен көмек алды. Бұл үшін министрліктердің басшыларына ризашылығымды білдіргім келеді. Көптеген қылмыстардың ашылуы мен іздестіріліп жатқан қылмыскерлерді ұстау біздің ішкі істер органдарының басшылары мен қызметкерлерінің жеке байланыстары нәтижесінде мүмкін болатынына сенімдімін», - деді ведомство басшысы.

Жоғары қарай