Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -13 °С
валюта бағамы
USD 376.51
EUR 418.91
RUB 6.13
CNY 54.90

Биыл Нұр-Сұлтанда бес мұғалім туберкулезге шалдыққан

2019 жылдың 12 желтоқсан 2019 17:45

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Індетке қарсы уақытылы қабылданған шаралардың арқасында Нұр-Сұлтан қаласындағы мектептерде туберкулезге шалдығудың алды алынды. Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті №60 орта мектеп мұғалімінің туберкулезбен ауыруына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталмыш департаментке сілтеме жасап.

«Мұғалім өзін жайсыз сезініп, емханаға барған кезде «туберкулез» деген диагноз қойылған. Қазір №60 мектепте іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Онымен байланысқа түскен айналасындағы адамдар анықталып, профилактикалық тексеру жүргізілуде» делінген хабарламада.

2019 жылы қаладағы мектептерде (№84, 74, 73, 80, 60 мектептер) жұмыс істейтін мұғалімдер арасында 5 рет туберкулезге шалдығу фактісі анықталды. Департамент қызметкерлері туберкулезге шалдығудың барлық жағдайы бойынша мектептерде жоспардан тыс тексеру жүргізіп, олармен байланысқа түскен адамдар анықталды. Індет ошағында қорытынды дезинфекция ұйымдастырылды.

Уақытылы жүргізілген індетке қарсы шаралардың арқасында аталған мектептерде қайта туберкулезге шалдығудың алды алынды.

Жалпы білім беретін мектептерде туберкулез профилактикасы үшін мынадай кеңес беріледі:

- мектеп директорлары өз қызметкерлерін жыл сайын профилактикалық флюоротексеруден өткізуі тиіс;

- Жұмысқа қабылдар кезде қызметкердің медициналық тексеруден өтуін талап ету.

Өткен кезеңде қала бойынша 395 606 адам флюоротексеруден өткен, соның ішінде 237 адамның туберкулезге шалдықққаны анықталды.

Жоғары қарай