Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

Биыл Қазақстанға шет елдерден 100 мың ірі қара әкелінеді

2019 жылдың 21 ақпан 2019 18:53

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл Қазақстанға 100 мың бас ірі қара малы импортталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Етті мал басының санын арттыру және сапасын жақсарту үшін «Етті мал шаруашылығын дамытудың 2018-2027 жылдарға арналған бағдарламасы» шеңберінде фермерлік шаруашылықтарды дамыту және қаржылық қолдау жүзеге асырылып жатыр. Отбасы фермалары түрінде шағын шаруашылықтарды құру салалық бағдарламаның негізіне жатты, олар 100 басқа дейін ІҚМ өсіру бойынша фермерлік шаруашылықтардан, өнеркәсіптік мал жемдейтін орындардан және заманауи ет өндіретін кешендерден тұратын кооперация нысанында құрылады.

«Импорттық ірі қараны сатып алу үшін несие беруге бағытталған «Сыбаға» бағдарламасына қатысатын фермердің Аграрлық несие корпорациясы қаражаты есебінен өзінің жеке төлдейтін мал басын құрауға, сондай-ақ жоғары өнімді асыл тұқымды бұқаларды пайдаланып, төлдің өнімді көрсеткіштерін жақсартуға, жем-шөп, техника және құрал-жабдықтар сатып алуға, жайылымды қоршауға мүмкіндігі бар.
Бүгін фермерлік шаруашылықтар жеңіл шарттармен несие ала алады - несие мерзімі 15 жылға дейін, сыйақы мөлшерлемесі субсидияны ескере отырып 4%-дан басталады. Кепілзатты қамтамасыз етуге қойылатын талаптар барынша жеңілдеді - кепілзат ретінде қолда бар, сатып алынатын мал және фермерлердің өзге активтері қабылданады» делінген хабарламада.

Импорттық малды алудың артықшылықтары аз емес. Бұл, ең алдымен - фермерлерді жоғары генетикалық әлеуеті бар ІҚМ-мен қамтамасыз ету. Импорттық малдың төлін өсіргенде, қысқа мерзімде салмағы 550-600 кг жетеді, ал жергілікті генетиканы пайдаланғанда, тек осының жарты салмағына ғана қол жеткізуге болады.

2018 жылы Аграрлық несие корпорациясы осы бағдарлама шеңберінде импорттық малдың 30,1 мың басын сатып алу үшін 19,1 млрд теңге несие берді. Соның ішінде елімізге 15,2 мың бас ірі қара әкелінді және тағы 2,3 мың мал жолда келе жатыр.
2019 жылы «ҚазАгро» Холдингі импорттық ІҚМ басын сатып алуды қаржыландыру бойынша 100 мың бас индикативін белгіледі. Соның ішінде «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ үлесі - 65 мың бас. Бұл мақсатқа 40,6 млрд теңге бөлінді.

Несие алуға ниет білдірген фермерлік шаруашылықтар жақын орналасқан несие серіктестіктеріне, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ өңірлік филиалдарына, сондай-ақ Орталық аппараттың кеңсесіне жүгіне алады.

Жоғары қарай