Ауа райы
Астана -19 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 387.14
EUR 428.18
RUB 6.06
CNY 55.23

Биыл елорданың автобус парктері қала бюджетіне 2,5 млрд теңге салық төлейді

2019 жылдың 15 қазан 2019 12:52

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Осы жылдың қорытындысы бойынша елорданың автобус парктері қала бюджетіне 2,5 млрд теңге салық төлейді. Бұл туралы бүгін «Астана LRT» ЖШС-нің басқарма төрағасы Бекмырза Игенбердинов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Меніңше, осы жылдың қорытындысы бойынша бюджетке шамамен 2,5 млрд теңге түседі. Біз жыл бойы коммуналдық және жеке автобус парктерімізбен жұмыс жүргізіп келеміз. Менеджмент жүйесі қалай қалыптасқанын, шығыстары қандай екенін тексеріп отырамыз. Жанар-жағармай мен қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін қандай да бір жеңілдіктер алуына көмектесеміз. Бір жыл бұрын қор жасақтап қоймауын қадағалаймыз. Яғни, белгілі бір уақыт аралығына қажетті бөлшектердің ғана қоры болуы тиіс. Бұл ақшаның ұзақ жатып қалмауы үшін жасалады. Ақша қазіргі уақытта айналымда болуы тиіс», - деді ол «Қоғамдық көлік: реформалар және даму жолдары» атты конференция аясында БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Оның атап өтуінше, сараланған тарифтің арқасында «Астана LRT» автобус парктерінің шынайы шығындарының нақты қанша екені анықталған.

«Комиссия жұмысы аясында біз олардың шығындарын, оның қайда жұмсалғанын тексереміз. Дөңгелекті қайдан алғанын, жанар-жағармайды қандай бағамен сатып алатынын, жанар-жағармай, қосалқы бөлшектер шығындарының есебін қараймыз. Оларға қай жерін оңтайландыру қажеттігі туралы ұсыныстар береміз», - деді Б.Игенбердинов.

Жоғары қарай