Ауа райы
Астана -14 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 376.77
EUR 408.46
RUB 5.95
CNY 53.98

Биыл елордада 54 сквер салынбақ

2020 жылдың 22 қаңтар 2020 10:13

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2020 жылы бас қалада жаңадан 54 сквер салынады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрлан Уранхаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өткен жылы Нұр-Сұлтан қаласының 2020-2025 жылдарға арналған абаттандыру бағдарламасы бекітілді. Соған сәйкес биыл қалада 54 сквер салынады. Оның ішінде 22-і Байқоңыр ауданында, 15-і Алматы ауданында 11-і Сарыарқа ауданында және 6-ы Есіл ауданында», - деді Нұрлан Уранхаев ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатынан соң тілшілердің сұрақтарына жауап бере отырып.


Жоғары қарай