Ауа райы
Астана 2 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 378.17
EUR 429.11
RUB 5.88
CNY 56.48

Биыл Атырау облысында 43 әлеуметтік нысан бой көтереді

2019 жылдың 20 ақпан 2019 17:20 597

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда білім, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт нысандарының құрылысы жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Атырауда облыс әкімінің халыққа есеп беру кездесуі аяқталды. Нұрлан Ноғаев 2018 жылдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен болашақтағы жоспарлар туралы айтты.

Өңір басшысының айтуынша, биыл 25 білім беру нысанының құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі, атап айтсақ, 10 балабақша, 11 мектеп, 1 музыка мектебі, 2 жатақхана, 1 жатақханасы бар лицей.

«Денсаулық сақтау саласында жергілікті бюджет пен демеушілер есебінен үш нысанның құрылысы аяқталады, олар - Кардиология орталығына қосымша ғимарат, Құрманғазы аудандық ауруханасындағы 75 орындық ғимарат және Қызылқоға ауданы Қарабау ауылындағы фельдшерлік-акушерлік бөлімше», - деді Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев.

Сонымен қатар, биыл мың жарым орындық 9 мәдениет нысаны - мәдениет үйі, кітапхана мен музей пайдалануға беріледі. Ал спорт саласында 2019 жылы алты спорт залы, мектеп пен ДСК ашылады деген жоспар бар.



null 

 

Жоғары қарай