Ауа райы
Нұр-Сұлтан 9 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

Биыл 2 мың науқасқа ортопедиялық операция тегін жасалды

2019 жылдың 18 сәуір 2019 21:30 697

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда жыл басынан ортопедиялық операция 2 мыңға жуық науқасқа тегін жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтында тегін медициналық кепілдендірілген көмек бойынша  құны 781 млн теңгеден асатын 1940 операция  жасалды. Дәрігерлер нейронавигация қолданып омыртқаға - 24, вертебропластика бойынша  - 34,  торакопластика - 11, артроскопия - 380, эндокорректор спондилодез бағытында 34 операция жасалды, сондай-ақ 161 адамның ұршық буынын,  129 науқастың тізе буынын толық ауыстырды.  Елімізде жоғары технологиялы медициналық қызметтер ТМКК аясында азаматтарға тегін көрсетіледі.  Негізі,  бір операцияның құны 170 мыңнан басталып, 1,7 млн теңгеге дейін жетеді», - делінген ҚР ДСМ бапасөз қызметінің мәліметінде.

Айта кетейік, 2015-2018 жылдары «Травматология және ортопедия» бойынша жоғары технологиялы медициналық қызмет саны 3360-тан 3813-ке өсті.  Сонымен қатар, Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтында Шеміршек тінін өсіруде клеткалық технологияны пайдалану да дамып келеді.

Еске сала кетейік, ҚР ДСМ Травматология ғылыми-зерттеу институты ғылыми-тәжірибелік және ұйымдастыру-әдістемелік

ТОҒЗИ базасының өзінде ғана емес, сондай-ақ өңірлерге сапарларда оқыту мастер-кластарын өткізу жолымен кадрлық әлеуетті дамытуды жүзеге асырып,практикалық медицинада инновациялық әдістерді енгізіп, елімізде ортопедиялық-травматологиялық қызметті дамытуға айтарлықтай үлес қосуда.

 

 

Жоғары қарай