Ауа райы
Астана 12 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 389.52
EUR 429.21
RUB 6.07
CNY 54.94

Биыл 1200 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі

2019 жылдың 16 сәуір 2019 18:21

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда биыл 1200 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында бүгінгі күні жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы республикалық желідегі автожолдардың үлесі - 87 пайызға, жергілікті жолдар - 68 пайызға жетті. 2025 жылға қарай жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы республикалық жолдардың үлесін - 95 пайызға, жергілікті желіні 85 пайызға дейін жеткізу жоспарланып отыр», - деді «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Арман Жүсіпов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Арман Жүсіпов атап өткендей, алдағы жылдары республикалық маңызы бар 4467 шақырым автожол қайта жаңарту, жөндеу және оны салу жұмыстарымен қамтылады. Оның ішінде 2019 жылы 533 шақырым жолды пайдалануға беру жоспарланған.

«Сонымен қатар, биыл 1190 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға беріледі. Оның ішінде 480 шақырым жол ресайклинг технологиясы бойынша жөнделсе, 250 шақырым жолдың жолдың кедір-бұдырлы бедері өңделеді. 48 шақырым жол микросюрфейсинг технологиясы бойынша жөнделсе, 412 шақырым жолда цемент бетон жабындыны жаңарту жұмыстары қолға алынады. 2019 жылы күтіп ұстау жұмыстарымен 22 мың шақырымнан астам автожол желісі қамтылады. Күрделі және орташа жөндеу жұмыстарына жиыны 54,4 млрд теңге және ағымдағы жөндеу жұмыстары мен күтіп ұстауға 26,1 млрд теңге бөлініп отыр», - дейді Арман Жүсіпов.

Жоғары қарай