Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 386.34
EUR 427.25
RUB 5.88
CNY 54.57

Биыл 118 мың отбасын баспанамен қамту үшін ауқымды құрылыс басталады

2019 жылдың 31 қаңтар 2019 17:17 1925

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2019 жылы жалпы ауқымы 13 млн шаршы метр болатын тұрғын үй салу жоспарланып отыр. Оның арқасында шамамен 118 мың отбасы баспанамен қамтамасыз етіледі.

«7-20-25» бағдарламасын сәтті іске асыру үшін инженерлік коммуникациялардың құрылысын қаржыландыру 100 млрд теңгеге дейін артқан. Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істейтін жастарға жыл сайын кемінде 1 мың жалға берілетін пәтерді салу бойынша тапсырманы орындау үшін қаржыландырудың тетіктері мен көздері айқындалған.

Жалпы 2019 жылы 13 млн шаршы метр тұрғын үйді салу жоспарланып отыр. Оның арқасында шамамен 118 мың отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.

Барлық қабылданған шаралар нысаналы индикаторларды - 2030 жылға дейін бір адамға 30 шаршы метрге дейін орындауға бағытталып отыр.

Жобалау және құрылыс кезеңі кезінде отандық материалдарды қолдану мәселесі ерекше бақылауға алынуда. Өткен жылдың қорытындысы бойынша құрылыстағы қазақстандық қамту үлесі 77 пайызды құраған. Осыған байланысты деңгей 2017 жылы 5 пайызға, оның ішінде тұрғын үй құрылысы бойынша 86 пайызға артты. 

 

 

Жоғары қарай