Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 378.60
EUR 417.75
RUB 6.13
CNY 54.58

Бішкекте ҚР Президентінің мемлекеттік сапарына қатысты дайындық мәселесі талқыланды

2019 жылдың 30 қазан 2019 18:28

БІШКЕК. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Марат Сыздықов пен Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Нуран Ниязалиевтың қатысуымен Бішкекте қазақстандық-қырғыз Сыртқы істер министрліктері арасындағы консультациялар өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР СІМ баспасөз қөызметіне сілтеме жасап.

Жүздесу барысында Қазақстанның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғыз Республикасына алдағы қараша айына жоспарланған мемлекеттік сапарына дайындық мәселесі талқыланды. Сондай-ақ саяси, сауда-экономикалық, су-энергетикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастық, сондай-ақ екі ел арасында туризмді дамыту бойынша өзекті жайттар қарастырылды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар достық және тату көршілік, одақтастық және стратегиялық серіктестік рухында өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыру туралы уағдаласты.




Жоғары қарай