Ауа райы
Астана -21 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 388.49
EUR 427.26
RUB 6.06
CNY 55.32

Бирмингем турнирін сәтті бастаған Путинцева әлемнің 1-ракеткасымен кездеседі

2019 жылдың 18 маусым 2019 20:53

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірінші, әлемнің 43-ракеткасы Юлия Путинцева Бирмингем WTA турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда рейтингте 157-сатыдағы ұлыбританиялық, 22 жасар Хэрриет Дартпен кездесті.

Бірінші партияда Ю.Путинцева айқын басымдылық көрсетті - 6:1.

Есесіне екінші сетті ұлыбританиялық спортшы брейкпен бастады - 2:0. Дегенмен екі мәрте қайыра брейк жасаған Юлия таразы басын теңестіріп қана қоймай, өзі алға шықты - 4:2. Ақыры осы басымдылығынан айырыла қойған жоқ - 6:4.

Бәсеке 1 сағат 21 минутқа созылды.

Ю.Путинцева ширек финалға шығу үшін әлемнің 1-ракеткасы, жапониялық Наоми Осакамен таласады. Ол тартысты матчта рейтингте 33-сатыдағы грекиялық Мария Саккариді 6:1, 4:6, 6:3 есебімен тізе бүктірді.

Жүлде қоры 1 млн АҚШ долларынан асатын Бирмингем турнирі 23 маусымда мәреге жетіп, жеңімпаз анықталады.

Ерлер арасында Қазақстанның бірінші, әлемнің 47-ракеткасы Михаил Кукушкин Лондон ATP турнирінің (жүлде қоры - 2 млн астам еуро) бірінші айналымында рейтингте 65-орындағы франциялық Жереми Шардимен шеберлік байқасады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің Лондон турнирінің алғашқы айналымынан аса алмағанын, ал Галина Воскобоеваның жұптық сында Бирмингем жарысының ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Автор Елжан Ералы
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай