Ауа райы
Нұр-Сұлтан 23 °С
Алматы 29 °С
валюта бағамы
USD 382.38
EUR 428.30
RUB 5.97
CNY 55.39

Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

2019 жылдың 1 сәуір 2019 17:52 555

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еліміздің бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

2 сәуірде түнде Түркістан облысының кей жерлерінде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.

2 сәуірде күндіз, 3 сәуірде тәулік бойы Батыс Қазақстан облысының кей жерлерде тұман түседі, оңтүстік-шығыстан солтүстік-шығысқа ауысып соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшеюі ықтимал.

2 сәуірде күндіз, 3 сәуірде тәулік бойы Орал қаласында тұман түседі, оңтүстік-шығыстан солтүстік-шығысқа ауысып соғатын желдің жылдамдығы секундына 18 метрге жетуі мүмкін.

2 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман, болады. Батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады кей жерлерде 15-20 м/с жтеуі ықтимал.

2 сәуірде Петропавл қаласында тұман түседі, батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады түнде екпіні 15-20 м/с жетеді.

2 сәуірде Маңғыстау облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр жауады, тұман түсіп, жел оңтүстік-шығыстан, солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с жетуі ықтимал.

2 сәуірде Қызылорда облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 23 м/с, күндіз кей жерлерде найзағай, жарқылдайды, бұршақ жаууы мүмкін. 

Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет, Аймақ,
Жоғары қарай