Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 381.10
EUR 420.81
RUB 5.65
CNY 54.57

Бірінші және екінші қабатта тұратын тұрғындар неліктен лифт үшін ақша төлейді

2020 жылдың 28 қаңтар 2020 15:09

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бірінші және екінші қабатта тұратын тұрғындар неліктен лифт үшін ақша төлейді? Бұл сұраққа ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Олар да ақша төлейді. Себебі үйдің меншігі бар. Бөлу мүмкін емес. Егер төлемейді десек, ендеше бірінші қабаттан қасбетті бөліп алайық немесе шатыр мәселесі тек жоғары қабаттағылардың проблемасы дейік. Осы заңнамаға сай, баспалдақ, қасбет, шатыр, инженерлік коммуникациялардың бәрі де – үйге ортақ меншік екені нақтыланған», - деді Қайырбек Өскенбаев ОКҚ-да Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мәселелері бойынша заңды түсіндіре отырып.

Вице-министрдің айтуынша, үйлердің бірінші қабатында көбінесе дүкендер, салондар мен мейрамханалар ашылып жатады.

«Дүкен немесе мейрамханаға иесі болсын – тұрғындар секілді кондоминиум мүшесі екенін шегелеп алдық. Тұрғындардың шешімі бойынша оларға қосымша төлемдер де жүктелуі мүмкін. Яғни, сіз бір шаршы метр үшін 20 немесе 30 теңге төлесеңіз, бизнес иелеріне тұрғындардың шешімі бойынша көбірек төлем жүктелуі мүмкін», - деді ол.

Қайырбек Өскенбаевтың түсіндіруінше, лифт де үйге ортақ. Тиісінше, тұрғындар қабаттарына қарамастан, ортақ мүлік үшін төлеуі тиіс.


Жоғары қарай