Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 445.84
EUR 490.47
RUB 5.73
CNY 62.87

Біріккен Араб Әмірлігіне демалуға барған 126 атыраулық елге жеткізілді

2020 жылдың 22 наурыз 2020 12:25

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауға чартерлік рейспен Біріккен Араб Әмірлігінен 126 ел азаматы оралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұлардың бәрі – осы елге демалуға барған қазақстандықтар. Олардың арасында Атырау облысынан 106 адам бар. Ал, 20 адам – көршілес Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының тұрғындары. Оларды әуежайда дәрігерлер қарсы алып, барлығының дене қызуын тексерді. Ешқайсысынан жоғары температура байқалмады. Содан соң үйлеріне жіберілді. Дәрігерлер оларды мекен-жайында 14 күн бақылауға алады. Көршілес облыстарда тұратындардың мекен-жайын, байланыс нөмірлерін алдық. Барлық деректі сол облыстардағы әріптестерімізге береміз», - деді Атырау облыстық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Амантай Жұмағалиев.


Жоғары қарай