Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

Бірге жазалайық – Әлімханұлы өзін «Боратқа» теңеген канадалықтың сазайын бермек

2019 жылдың 14 тамыз 2019 12:03

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (6-0) өз жанкүйерлерін алдағы жексенбі ертерек тұрып, айқасты тамашалауға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қадірлі жанкүйерлер! Бұйыртса, осы жексенбі таңертең ерте ояныңыздар! Канадалықты бірге жазалайық», - деп жазды Жәнібек Әлімханұлы Instagram-дағы парақшасында.

Айта кетсек, бұған дейін канадалық боксшы Стюард Макклел (27-3-3) Instagram желісінде Жәнібекті жанкүйерлеріне таныстырып, қазақстандық қарсыласын әжуа еткен болатын. Стюард өз парақшасында жариялаған фотода Жәнібек Әлімханұлын «Борат» кейпінде көрсеткен.

Жәнібек Әлімханұлының алдағы жекпе-жегі 17 тамызда АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өтеді. Уақыт айырмасына байланысты Қазақстанда бұл 18 тамыз таңертеңге сәйкес келеді. Жекпе-жекті QazSport тікелей эфирде көрсетеді.

Еске сала кетсек, 13 сәуірде қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (4-0, 1 КО) алғашқы титулдық айқасын өткізген болатын. АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында болған жекпе-жекте ол Кристиан Оливаспен (16-4, 13 КО) жұдырықтасып, жеңіске жетті. Қазақстандық боксшы орта салмақтағы WBO Global және WBC Continental Americas белбеулерін иеленді.

Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Бокс, Спорт,
Жоғары қарай