Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 386.82
EUR 428.67
RUB 5.86
CNY 54.95

#Birge #TazaQazaqstan: Елордалықтар Майбалық көлін тазалауда

2019 жылдың 3 тамыз 2019 12:31 228

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат- #Birge #TazaQazagstan республикалық экологиялық акциясы аясында елордалықтар Майбалық көлінің жағалауын тазартуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін міне осымен үшінші апта таза Қазақстан экологиялық акциясын жалғастырып жатырмыз. Майбалық көлі қала маңында орналасқандықтан адамдар мұнда демалуға жиі келеді. Тиісінше қалдықта көп. Олай болса бәріміз бірігіп, тазалық жұмысына кірісейік», - деді қала әкімі Алтай Көлгінов.




Тазалық шарасына 1 мыңнан астам елордалық қатысуда. Оның ішінде бірқатар мемлекеттік ведомство басшылары мен қызметкерлері, қоғам қайраткерлері, сондай-ақ қала тұрғындары мен еріктілер бар.
    Еске сала кетсек, өткен аптада аталған акция аясында астаналықтар Есіл және Қарасу өзендерінің жағалауын тазалап, 16 тонна қалдық жиналған болатын.

























    Автор Әли Ибраев
    Басты сөздер: Экология, Нұр-Сұлтан,
    Жоғары қарай