Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 402.37
EUR 449.81
RUB 5.86
CNY 56.67

Бір көзден мемлекеттік сатып алулар саны қысқартылады

2020 жылдың 12 наурыз 2020 13:17

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бір көзден мемлекеттік сатып алулар саны қысқартылады. Бұл туралы бүгін Мәжілісте «Мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымында ҚР Қаржы вице-министрі Руслан Бекетаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Президенттің 2019 жылғы 19 маусымдағы сайлауалды бағдарламасына сәйкес мемлекеттік сатып алуды жетілдіру, оның ішінде оларды өткізуді орталықтандыру, тиімділік пен ашықтықты арттыру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету арқылы шаралар қабылдау тапсырылды», - деді ол.

Осы ретте вице-министр заң жобасы түзетулердің 3 негізгі блоктан тұратынын айтты. Олар: бір көзден сатып алуды қысқартуға бағытталған түзетулер; сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге бағытталған түзетулер; мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы жетілдіруге бағытталған түзетулер.

«Бір көзден сатып алуды қысқарту бойынша шартты тікелей жасасудың 52 негізінен бір көзден сатып алудың 3 негізін алып тастау ұсынылады», - деді Руслан Бекетаев.


Жоғары қарай