Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Бір көргеннен ғашық болу мүмкін бе - ВВС

2019 жылдың 4 сәуір 2019 20:55

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бір көргеннен ғашық болу мүмкін бе? ВВС басылымындағы мақалада ғалымдар осы мәселеге назар аударған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бір көргеннен ой қалыптастыру күрделі ғылымның бір бөлшегі саналады. Себебі бұл неврологиялық процесс және оны бақылау өте қиын. ВВС басылымының жазуынша, бір көргеннен пайда болған махаббат туралы көп айтылғанымен, сезім тереңдігі туралы баға беру мүмкін емес.

«Бір көрген адам туралы пікір қалыптастыру үшін 1/10 секунд жеткілікті. Дегенмен, бұл сезім үнемі дұрыс бола бермейді», деп жазады басылым.

Принстон университеті профессорларының айтуынша, бір көргеннен пайда болатын сезім адамды адастыруы мүмкін.

«Бір көріп, адам туралы толық айтуға тырысудың өзі күлкілі. Бір көрген таныс емес адам туралы біз пікір айтамыз және ол көп жағдайда үстіртін дүние», - дейді ол. Профессордың айтуынша, махаббаттың бар жоғын тек әңгілемесу арқылы білуге болады.

Автор Айкүміс Болатбек
Басты сөздер: Әлем,
Жоғары қарай