Ауа райы
Нұр-Сұлтан 14 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 383.69
EUR 429.08
RUB 5.97
CNY 55.39

Бір айда 2 мыңнан астам қарағандылық абаттандыру ережесін бұзған

2019 жылдың 4 сәуір 2019 22:34 607

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының полиция қызметкерлері абаттандыру ережесін бұзғаны үшін 2 288 тұлға ескерту жасады, сондай-ақ 15 шағын кәсіпкерлік субъектісінің әкімшілігіне жалпы сомасы шамамен бір миллион теңгеның хаттамасы толтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

12 наурыз-12 сәуір аралығында Қарағанды облысының аумағында учаскелік полиция инспекторлары барлық ұйымдардың, сондай-ақ жеке сектордағы тұрғын үйлерінің аумақтарында қар мен тұрмыстық қоқыстың жиналуына қатысты тексеру жүргізіледі.

Оған 600-ден астам адам, оның ішінде 80 қоғамдық көмекші, 39 жергілікті атқарушы орган өкілі және 19 ТКШ қызметкері қатысты.


23 күні ішінде абаттандыру ережесін бұзғаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабының 1-бөлігі бойынша 2 288 адам, оның ішінде 1 953 жеке тұлға, 315 шағын кәсіпкерлік басшысы, сондай-ақ коммерциялық емес ұйымдардың 2 басшысы ескерту алды.


Ескерту шығарылғаннан кейін 10 күн өткен соң объектілерді қайта тексеру жүргізіледі. Тәртіп бұзушылықты жоймаған адамдарға ақшалай айыппұл салынып, олар  әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.



 

Жоғары қарай