Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 375.91
EUR 416.85
RUB 6.10
CNY 54.77

Білім министрі: 12 жылдық жүйеге көшуде асығыстық болмайды

2019 жылдың 11 желтоқсан 2019 17:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бұл 12 жылдық білім беру жүйесіне көшердің алдында дайындық жұмысын жүргізіп алуымыз керек. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатында өткен дөңгелек үстел отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«12 жылдық білім беру бойынша Мемлекет басшысы тиісті тапсырма берді. Бұл 12 жылдық білім беру жүйесіне көшердің алдында дайындық жұмысын жүргізіп алуымыз керек. Өйткені инфрақұрылым, үш ауысымдағы және апаттық жағдайдағы мектептер проблемасы бар. Бүгінде оқулықтар, ұстаздар толық дайын деп айта алмаймыз. Сондықтан бұл мәселе бойынша асығыстық болмайды», - деді ведомство басшысы.

Осы орайда А. Аймағамбетов дайындық шаралары егжей-тегжейлі атқарылғаннан кейін ғана бұл жүйеге көшу басталатынын атап өтті.

«Бұл тұрғыда жұмыстарды ары қарай жалғастырамыз», - деді министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Сенаттағы талқылау барысында ведомство басшысы Қазақстанда алдағы уақытта педагог даярлаумен нақты 20-30 жоғары оқу орны айналысатынын айтты.

Автор Руслан Ғаббасов
Басты сөздер: Сенат, Білім,
Жоғары қарай