Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 378.17
EUR 429.11
RUB 5.88
CNY 56.48

Білім беру мекемелерінде 50 басшының орны бос - Павлодар облысы

2019 жылдың 19 ақпан 2019 17:41 463

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысындағы техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарында, балабақшалар мен мектептерде 50 директордың орны бос тұр, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Роза Ақанова мәлім етті.

«Мектеп директоры болу үшін тест тапсырған 65 адамның 41-і өткен. Биыл қаңтар-ақпан айларында барлық типтегі білім беру мекемелеріне директор болуға үміткерлер тестілеуден өтті. Бұдан кейін регламент бекітіліп, үміткердің кандидатурасы қамқоршылық кеңеспен келісіледі. Әрі қарай облыстық білім беру басқармасы басшысымен сұхбат өткеннен кейін ғана тағайындалады. 2019 жылдың көктемінде осы жаңа ережеге сәйкес білім беру мекемелерінің басшылары бекітіледі»,- дейді Роза Ақанова.

Павлодар облысы бойынша білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы Еркінбек Аязбаев үміткер тестілеуден өтпеген жағдайда бір айдан кейін қайтадан тапсыра алатынын айтады. «Бұл жерде мемлекеттік қызмет жүйесіндегі тәрізді хабарлама болмаса да ашық түрде аттестациядан өтуге болады», - дейді Еркінбек Аязбаев. «Алдағы уақытта педагогикалық оқу орындарының түлектеріне де тестілеуден өтуге мүмкіндік беріледі. Білім беру басқармасының жаңа формасындағы соңғы өзгерістерге байланысты қамқоршылық кеңестеріне мемлекеттік оқу мекемелерінің басшылары лауазымына үздік кандидаттарды тікелей таңдау өкілеттіктері берілген».

Айта кетейік, өңірде білім беру жүйесі 362 мемлекеттік жалпы білім беретін мектепті, 49 техникалық және кәсіптік білім беру мекемесін қамтиды. Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде 421 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді. Оның ішінде 172 балабақша және 249 шағын орталық бар. 

 

Басты сөздер: Павлодар облысы, Білім,
Жоғары қарай