Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 389.75
EUR 434.26
RUB 6.12
CNY 55.05

Біліктілігі төмен судьялар үшін сотқа жол жабық - Жоғарғы сот

2019 жылдың 4 шілде 2019 16:25

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Соттарда судьялар жүктемесі азайып келеді. Бұл туралы елордада ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтіп жатқан Шетелдік инвесторлар кеңесінің 32-ші жалпы отырысында Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"2019 жылдың қаңтарынан еңбекақы (судьялардың) елеулі түрде артты. Әсіресе, қарап жатқан істері қиын әрі жұмыс көлемі ауқымды адамдардың еңбекақысы өсті. Екіншіден, дау-дамай жоқ істерден босатып жатырмыз. Биылғы мамырдан бастап 10 жылда алғаш рет сот жүктемесі қысқарып келеді", - деді Жақып Асанов

Оның сөзіне қарағанда, атқарылып жатқан тың қадамдардың бірі HR менеджмент тетіктерімен судьяларды іріктеудің жаңа жүйесін жүзеге асыру болғанын атап өтті.

"Бұл өз кезегінде бастапқыдан қатаң тосқауылды қояды, яғни биылдан әлсіз судьялар үшін сотқа жол жабық болды. Сонымен қатар, Жоғарғы сот кеңесі үлкен рөл атқарады", - деді ол.

Осы орайда Ж. Асанов зияткерлік және монополиялық құқық, салық, жер қойнауын пайдалану, экология саласындағы білікті заңгерлерді судьялық қызметке шақырды.

Оның сөзіне қарағанда, егер де қызметтегі судьяның біліктілігі төмен болса, этика бойынша проблемасы байқалса немесе сыбайлас жемқорлыққа жақын болса, онда жаңа жүйе бойынша ол адам бұл қызметте отыра алмайды.

"Ұқсас істер бойынша әртүрлі шешімдер шығарылып жатады деп бізге сын айтылады. Анық емес заң нормалары салдарынан әрқайсысы оны өзінше түсінеді. Ал көптеген нақты жағдайлар бойынша заңнамада тиісті жауапты табу қиын. Сондықтан Жоғарғы сот "Атамекен" ҰКП-мен бірлесе ведомствоаралық 5 топты құрды. Оның мақсаты - салық, жер, жер қойнауын пайдалану және басқа да мәселелер бойынша бірыңғай тәжірибені қалыптастыру", - деді Жақып Асанов.

Жоғары қарай