Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 367.30
EUR 419.68
RUB 5.58
CNY 52.91

Билер институтын жаңғырту қажет - Сағатбек Сүлеймен

2018 жылдың 13 шілде 2018 11:01 926

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дауларды азайтудың ең тиімді жолы  - билер институтын жаңғырту. Бұл туралы бүгін  республикалық судьялардың кеңейтілген кеңесінде  ҚР Жоғарғы соты төрағасының кеңесшісі Сағатбек Сүлеймен айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, біршама жұмыстар атқарылды, сең қозғалды, ендігі кезектегі күттірмес міндеттер. Бірінші, орталықтардың ашылуын күтпестен насихат жұмыстарын қарқынды жүргізіп, татуласу маңызын әрбір адамға, отбасына, ұжымдарға жеткізуіміз қажет. Насихаттауда қатып қалған заңдылық жоқ. Творчестволық ұмытылыс керек», - деді ол.

Оның айтуынша, екіншіден, орталықтардың ашылуына күш салып, оның тиімді жақтарына әкімдердің көзін жеткізуіміз керек. Түпкі мақсат орталықтың басшысы, медиаторы, психологы алқалы түрде таңдалып, жергілікті бюджеттен айлық алып, халыққа сапалы, тегін қызмет көрсетулері қажет. Сонда орталық дау шешетін орын ғана емес әлеуметтік мәселелерді де шешетін орда болады.

«Үшіншіден, дауларды азайтудың ең тиімді жолы  билер институтын жаңғырту күн тәртібіне сұранып  тұрған мәселе.  Билер сотын енгізуді сот төрағалары сіздер  қолға алсаңыздар. Әрбір елде, мекенде беделі жоғары, сыйлы, елді ауызына қарата алатын абыройлы кісілер бар. Соларды алдын ала дайындап, медиация курстарынан өткізіп, би атағын беруге болады. Олар ешбір артық бюрократиясыз,  сотсыз сөздің күшімен бітіспей жүрген жұртты ортақ шешімге келтірер еді. Сонда қоғамдағы даукестіктің деңгейі төмендейді, сот жүктемесі азаяды. Билер соты деген тарихтың сыйын, бабалар аманатын атқару, қайта  жаңғырту бізге жүктелген міндет деп санаймын», - деді С.Сүлеймен.

 

 

Автор: Марлан Жиембай
Басты сөздер: ҚР Жоғарғы соты, Қоғам,
Жоғары қарай