Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 35 °С
валюта бағамы
USD 397.56
EUR 445.94
RUB 5.82
CNY 55.96

«BI Жұлдызай» фестивалі: хореография мүмкіндігі шектеулі балаларға оң әсер етеді

2018 жылдың 1 маусым 2018 16:59

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада «BI Жұлдызай» мүмкіндігі шектеулі балалар шығармашылығының ХІІІ республикалық фестивалі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ерекше балалар мен Қазақстан эстрада жұлдыздарының гала-концерті 15 мың адам сиятын ауқымды «Барыс аренада» қала тұрғындарына тегін көрсетілді.
«2005 жылдан бастап, елімізде мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдерді қолдау мақсатында республикалық «Жұлдызай» шығармашылық фестивалі ұйымдастырылып келеді.
Сәуір айының басында республиканың барлық облыс орталықтарында фестивальдің іріктеу кезеңі өтті. Республика бойынша 9 мыңға жуық бала вокал, аспапта орындау, ым-ишаратпен орындау, хореография, бейнелеу өнері, көркем-қолданбалы өнер жанрлары бойынша өз өнерлерін көрсетті. Бүгінгі концертте Қазақстанның түпкір түпкірінен іріктелген 300-ден астам бала өнер көрсетті», - деді жоба жетекшісі, «BI Жұлдызай» қайырымдылық қоры директорының орынбасары Алмагүл Сәлімбаева.
Оның айтуынша, «BI Жұлдызай» фестивалі 13 жылдық тарихында талай балаға жол ашты, өмірдегі өз жолын табуға көмектесті. Сондай табысты лауреаттар биылғы байқауда қазылар алқасының құрамына енген.
«Қазақстанның белгілі суретшісі, 100 жаңа есім жеңімпазы Анар Әбжанова 2006 жылы «BI Жұлдызай» фестивалінде гран-при жеңіп алған еді. Оның есту қабілеті нашар болды, бірақ оның қылқаламынан шыққан туындылар теңдессіз еді. Дәл осы фестивальдан кейін Анар «Өзге дені сау балалармен тең дәреже бақ сынай алатымды, жеңіске жете алатынымды түсіндім, жігерлендім» деп ағынан жарылған болатын. Қазір ол Т. Жүргенов атындағы өнер университетінде сабақ береді, биылғы байқауда Анарды қазылар алқасына шақырдық», - деді жоба жетекшісі.
Жоба жетекшісінің айтуынша, балаларға хореография, ән салу немесе жәй ғана өзі құралыптас балалармен қарым-қатынасы оң ықпал етеді.
«Хореография балалардың дамуына, әсіресе тірек-қимыл жүйесіне өте пайдалы. Фестивальда жүре алмайтын балалардың алғашқы қадам басқанына куә болдық. Аутизмі бар сөйлемейтін бала өз қатарластарымен етене араласып, сөйлеуге талпынды. Яғни, біздегі дайындық, жаттығулар, мамандардың ерекше күтімі балалар бойындағы жасырын қабілеттерді ашты», - деп өз сөзін толықтырды А. Сәлімбаева.
Сондай-ақ, жоба жетекшісі елордаға келген балаларға барлық жағдай жасалғанын атап өтті.
«25 мамыр күні республика өңірлерінен 300-ге жуық бала келді. Олардың барлық шығынын демеушілер қаржыландырып отыр. Балалар Думан, ЭКСПО, Ұлттық музейді аралады, кешкі Астанада серуендеді. Балалардың бәріне алғыс хаттар мен сыйлықтар берілді. Сый ретінде ноутбук, смартфон сынды өздеріне қажетті дүниелерді беруге тырыстық. Балаларға есте қаларлықтай демалыс ұйымдастырдық деп үміттенеміз», - деп өз сөзін түйіндеді А. Сәлімбаева.
Айта кетейік, 13 жыл қатарынан ұйымдастырылған «Жұлдызай» республикалық балалар шығармашылығы фестиваліне BI-Group компаниясы демеушілік етеді. Сондай-ақ, фествиальдің өсуіне Білім және ғылым министрлігі, Мәдениет және спорт министрлігімен қатар облыс, қала әкімдіктері де атсалысады.



null


null


null


null





null

Жоғары қарай