Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 389.34
EUR 428.78
RUB 6.05
CNY 55.45

«Бейжің - Париж» ретро раллиіне қатысушылар ертең елордаға келеді

2019 жылдың 16 маусым 2019 11:22

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 17 маусымда VII «Бейжің - Париж» халықаралық ретро раллиге қатысушылар елордаға ат басын бұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық Мәдениет және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлемнің 30-дан астам елінің 120 бірегей сирек кездесетін автомобилін Marriott қонақ үйінің көлік тұрағында (Достық көшесі, 2) 17 маусымда сағат 16.30-20.00 аралығында көруге болады. Үш жылда бір рет өтетін Бейжің-Париж раллиі - 1907 жылы алғаш рет ұйымдастырылған автомобиль жарысы.

Көліктер Бейжіңнен (Қытай) Парижге (Франция) дейін 14 994 км қашықтықты жүріп өтеді. Оған тек 1976 жылға дейін шығарылған көліктер ғана қатыса алады. Мысалы, Bentley, Lancia, Packard, Horch және құны миллион еуроға дейінгі басқа сирек кездесетін көліктер.



null

Автожарыс Бейжіңнен басталады. Қатысушылар Қытайды аралап, 5 күн Моңғолия, Алтай (Ресей), Қазақстан, Ресей, Еуропа және Франция елдерінің аумағынан өтеді.

Айта кетейік, биыл әйгілі ралли алғаш рет бүкіл Қазақстан арқылы өтеді. 16 маусымда шараға қатысушылар Павлодарда, келесі күні Нұр-Сұлтанда, содан кейін Балкашино кентіне тоқтайды. Жол үстінде ретро автомобильдер Бурабайға соғады. Раллиге қатысушылар Қазақстанда ат басын бұратын ең соңғы қала - Қостанай. «Бейжің-Париж» раллиін ұйымдастырушы - Endurance Rally Association (ERA) (Лондон).



null

Жарысты ұйымдастыру идеясын LeMatin француз газеті ұсынған. Ол оны 1907 жылғы 31 қаңтардағы санында жариялаған.

«Адамдар көлік бар кезде қалаған жеріне бара алатынын, қалағанын істей алатынын дәлелдеуі керек. Биыл жазда Бейжіңнен Парижге дейін автомобильмен жолға шығуға бел буатындар ма екен?», делінген алғашқы мақалада.




null


null


null

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Спорт, Көлік,
Жоғары қарай