Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 445.84
EUR 490.47
RUB 5.73
CNY 62.87

Бейсенбіге арналған ауа райы

2020 жылдың 26 наурыз 2020 00:24

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 26 наурызда бейсенбі күні елімізде күн райы ашық болады, кей жерлерді жел күшейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Қазақстанның басым бөлігі антициклон ықпалында болатындықтан күн райы ашық болады. Еліміздің кей жерлерінде тұман түседі, жел күшеюі мүмкін, Қызылорда облысында шаңды дауыл соғады.

Жамбыл, Қостанай, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде Бәйдібек ауданында екпіні 25 м/с жетеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғады, жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды ​​облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.


Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет, Аймақ,
Жоғары қарай