Ауа райы
Нұр-Сұлтан 8 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 379.36
EUR 424.47
RUB 5.88
CNY 54.95

Бейбіт Атамқұлов кипрлік кәсіпкерлерді Қазақстанға шақырды

2019 жылдың 15 мамыр 2019 14:21 304

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов Кипр Республикасының бизнесмендерін Қазақстанда жұмыс істеуге шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кипрлік компанияларды қазақстандық әріптестерімен кеңірек жұмыс жүргізуге шақырамыз. Қазақстанда жайлы әрі инвестициялық тартымды климат қалыптасқан. Еуразиялық экономиалық одаққа мүше елміз. Қазақстанда қазіргі таңда кипрлік капиталы бар 207 компания тіркелген», - дейді Бейбіт Атамқұлов Кипрдің Сыртқы істер министрі Никос Христодулидиспен кездесу барысында.

СІМ мәліметіне сүйенсек, кипрлік кәсіпкерлер елімізде негізінен пайдалы қазбаларды өндіру, сауда, құрылыс, көліктік-экспедиторлық және қаржылық салада еңбек етуде.

«Сауда, инвестиция, энергетика, ауыл шаруашылығы саласында ынтымақтастықты нығайтудың зор мүмкіндіктері бар. Кипр бизнес-база ретінде Қазақстанның стратегиялық орналасуын ескере отырып, екі елге де тиімді жұмыс жүргізе алады», - деді өз кезегінде Никос Христодулидис.

Еске сала кетсек, елордада бүгін ҚР Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов Кипрдің Сыртқы істер министрі Никос Христодулидиспен кездесіп, екі елдің ынтымақтастығының маңызды мәселелері талқылаған болатын.

 

 

 

Жоғары қарай