Ауа райы
Нұр-Сұлтан 8 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

Бес мемлекеттің басшылары Каспий саммитіне қатысады

2018 жылдың 23 шілде 2018 22:09 752

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылы 12 тамызда Ақтау қаласында Бесінші Каспий саммиті өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оған Каспий жағалауы мемлекеттерінің Қазақстан Республикасы, Әзербайжан Республикасы, Иран Ислам Республикасы, Ресей Федерациясы және Түрікменстанның басшылары қатысады.

Саммит барысында тараптар Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін, экономика, көлік, қоршаған орта, қауіпсіздік салалары бойынша Каспийдегі ынтымақтастықты және басқа да мәселелерді талқылайды.

Саммиттің негізгі қорытынды құжаты Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция болуы тиіс. Оның жобасы Мәскеуде 2017 жылы 4-5 желтоқсанда Сыртқы істер министрлерінің жиналысы аясында келісілген еді.

Саммит барысында Конвенциядан басқа бірқатар бес жақты үкіметаралық құжаттарға қол қойылуы мүмкін. 

 

 

Жоғары қарай