Ауа райы
Астана -14 °С
Алматы -17 °С
валюта бағамы
USD 375.90
EUR 423.56
RUB 5.55
CNY 54.06

Бес алматылық шетелден безгек пен тырысқақ жұқтырып келген

2018 жылдың 18 қаңтар 2018 11:50 1869

  АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда былтыр 5 адам шетелден безгек пен тырысқақ жұқтырып келген. Аймақтағы эпидемиологиялық ахуал туралы қалалық Қоғамдық денсаулықты қорғау департаментінің мамандары ҚазАқпарат тілшісіне айтып берді.

«Былтыр Алматыда эпидемиологиялық ахуал тұрақты болды. Бірақ сырттан вирус жұқтырып келу жағдайлары тіркелді. Үндістаннан 5 адам тырысқақ жұқтырып келген. Тағы 1 адам Шығыс Африканың Танзания елінен безгек ауруын алып келді», - деді департамент басшысы Айзат Молдақасымова.

Оның айтуынша, науқастар елге оралғаннан кейін бірден санэпидемиологтар қажетті шаралар жасаған.

«Дер кезінде зарарсыздандырудың нәтижесінде безгек пен тырысқақтың таралу оқиғасы болмады», - деді ол.

 

 

Автор: Гүлмира Ғосманәли
Басты сөздер: Алматы, Медицина,
Жоғары қарай