Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 389.94
EUR 433.50
RUB 6.10
CNY 55.13

Берлинде Қазақстан-Германия сауда-экономикалық ынтымақтастығы талқыланады

2019 жылдың 8 сәуір 2019 18:34

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Берлинде Қазақстан мен Германия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселесі талқыланады. Бұл туралы бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«11 сәуірде Берлинде Қазақстан мен Германия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық жұмыс тобының 12-ші отырысы өтеді. Іс-шарада Қазақстан делегациясын Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермек Көшербаев басқарады», - деді ресми өкіл.

Оның атап өтуінше, отырыс барысында тараптар Қазақстан Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұловтың 2019 жылы Германияға жоспарланып отырған сапары аясында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың барысы мен перспективаларын, соның ішінде екі ел арасындағы ынтымақтастықты тереңдету бойынша «Жол картасын» дайындау мәселесін талқылайды.

«Сонымен қатар Қазақстан делегациясы іс-шара аясында Германия Парламентінің депутаттарымен, Герман экономикасының шығыс комитетімен, Германия Экономикалық ынтымақтастығын алға жылжыту қоғамымен келіссөздер өткізетіндігі жоспарланған», - деді А.Смадияров.

Жоғары қарай