Ауа райы
Астана -17 °С
Алматы -9 °С
валюта бағамы
USD 385.01
EUR 425.78
RUB 6.05
CNY 54.68

Бердібек Сапарбаев Павлодар облысындағы білім сапасын жоғары бағалады

2019 жылдың 8 қараша 2019 16:50

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев пен Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова М. Катаев атындағы оқушылар сарайын аралады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Үкіметтің жұмыс тобына оқушылар сарайында атқарылып жатқан жұмыстар таныстырылды. Соның бірі – 2018 жылдың мамыр айында ашылған балалар техносаябағы.




- Техносаябақта 500-ден астам бала бар, - деді оқушылар сарайының басшысы Алма Ерубаева. – Барлығы тегін білім алады. Олармен 14 педагог жұмыс істейді. Техносаябақ Елбасы Жолдауын жүзеге асыру аясында ашылған болатын. Балалардың жан-жақты білім алуы үшін заманға сай техникамен, 3D принтермен жабдықталған. Мұнда дайындалған жас өрендер өздерінің түрлі жобаларымен республикалық байқауларға қатысып тұрады.

«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында құрылған саябақта IT-сынып, Start-Up Academy, 3D-модельдеу және роботкешенді зертханалары, астрозертхана, телестудия жұмыс істейді.




- Білімнің сапалы болуы біріншіден - ата-анаға, екіншіден – мұғалімге, үшіншіден – билікке байланысты, - деп атап өтті Бердібек Сапарбаев педагогтар қауымымен кездесуінде. – Сол үш тармақ бірігіп жұмыс жасаса, білім сапасы жаман болмайды. Жалпы, Павлодар облысының білім сапасын білеміз, қарап отырамыз. Сапасы жақсы. Оның үстіне соңғы мәлімет бойынша, Павлодар облысының білім саласы қазіргі таңда бірінші орында. Бұл – өте жақсы. Біріншіден, таңның атысынан, күннің батысына дейінгі сіздердің еңбектеріңіз және жергілікті биліктің қолдауының нәтижесі.




Айта кетейік, 2018-2019 оқу жылының І жарты жылдығында оқушылар сарайының шығармашылық ұжымдары халықаралық, республикалық және облыстық деңгейдегі 15 байқауға қатысып, 39 марапатқа ие болды. М. Катаев атындағы оқушылар сарайында барлығы 3 мыңнан астам оқушы мен 152 педагог бар.

Еске сала кетейік, өткен жылы оқушыларды жаңа заман талабына сай жаңашылдыққа үйретіп, тәрбиелеп жүрген оқушылар сарайы 40 жылдық мерейтойын атап өтті.

Жоғары қарай