Ауа райы
Нұр-Сұлтан 17 °С
Алматы 29 °С
валюта бағамы
USD 383.43
EUR 429.83
RUB 5.96
CNY 55.39

Бердібек Сапарбаев аз қамтылған азаматтарға көмек беретін «әлеуметтік қалашықта» болды

2019 жылдың 27 сәуір 2019 19:10 842

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Қаскелең қаласындағы «Мұңайма» қайырымдылық қорының «әлеуметтік қалашығына» барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мұңайма» қоры 2007 жылы Алматы облысында жұмысын бастады. Қордың табысты жобаларының бірі - «әлеуметтік қалашық». Мұнда аз қамтылған азаматтар қоныстана алады. Олар жаңа мамандықтарды оқып, өндірісте жұмыс істейді және өз ісін ашуға көмек ала алады.

«Мұңайма» қорының үйлестірушісі Мерхан Әбіловтың айтуынша, міндетті шарт - мамандық бойынша оқыту, кейін жұмысқа орналастыру. Жобаға қатысу бір жыл бойына жалғасады - алғашқы 6 айда оқыту және «әлеуметтік қалашықта» жұмыс жасайды, ал кейінгі кезеңде бизнесті бастау үшін бизнес-жоспар әзірлеуде көмек көрсетіледі. Бизнес-идеяны іске асыру үшін қор алғашқы жарты жыл ішінде қатысушы тапқан капиталды екі есе көбейтеді.

Бердібек Сапарбаев жобаға қатысушылар жұмыс істейтін өндіріспен, олардың өмір сүру жағдайымен танысты және қалашық аумағында орналасқан балабақшаға барды.

Министр қордың жұмысына оң баға берді. Жеке бизнестің осындай әлеуметтік жобаларын бүкіл Қазақстан бойынша тарату қажет екенін атап өтті.

2016 жылдан бастап 500-ге жуық отбасы жобаға қатысты. Қазіргі уақытта «әлеуметтік қалашықта» 120 адам тұрады. Қалашықтың 350 адамға дейін орналастыру мүмкіндігі бар. Осындай жобаны елорда әкімдігінің қолдауымен Нұр-Сұлтан қаласында жүзеге асыру жоспарлануда.

 

 

 

Жоғары қарай