Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Белгілі режиссер Георгий Данелия өмірден озды

2019 жылдың 4 сәуір 2019 19:24

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Бейсенбі күні 88 жастағы белгілі режиссер Георгий Данелия қайтыс болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы агенттік өкілдеріне режиссердің әйелі Галина Данелия хабарлаған.

«Георгий Николаевич Данелияның қазір ғана жүрегі тоқтап, өмірден озды. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалу үшін барын салып еді», - дейді Г. Данелия.

Ақпан айында режиссер өкпесі қабынып ауруханаға жатқызылып, медикаментоздық комаға түскен болатын.

Кейінірек Галина Данелия жұбайының комадан шыққанын жеткізген, алайда режиссер аурудан толық айығып кете алмады.

Ол киносүйер қауымға «Мимино», «Кин-дза-дза», «Афоня» секілді көптеген танымал фильмдерді тарту етті.

Басты сөздер: Ресей,
Жоғары қарай