Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 378.60
EUR 417.75
RUB 6.13
CNY 54.58

Бельгияда қонғалы жатқан F-16 ұшқышының көзіне лазер сәулесін түсірген

2019 жылдың 8 қазан 2019 22:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бельгиялық F-16 жойғышының ұшқышы елдің солтүстік-шығысындағы Кляйн-Брогель әуе базасы аумағында ұшып бара жатқан сәтте белгісіз біреулер оның көзіне лазер сәулесін түсірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат RTL телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, оқиға Лимбург провинциясының үстінен ұшып бара жатқан сәтте болған. Ұшқыш әуе базасына қонды, зардап шеккендер жоқ, материалдық шығын келмеген. Жергілікті полиция тергеуді бастап, БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы азаматтарды оқиғаға кінәлі адам жайлы ақпарат беруге шақырды.

Кляйн-Брогель базасы Бельгиядағы НАТО-ның ірі әуе базасы және америкалық атом бомбалары сақталатын Еуропадағы базалардың бірі болып табылады.

Басты сөздер: Оқиға, Әлем,
Жоғары қарай