Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 445.84
EUR 490.47
RUB 5.73
CNY 62.87

Бельгия тұрғындары күнде кешке қол шапалақтап дәрігерлерге құрмет көрсетеді

2020 жылдың 19 наурыз 2020 09:59

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Франция, Нидерланды немесе Испанияда сияқты, сәрсенбі күні кешке бельгиялықтар COVID-19 коронавирусы пандемиясымен күресіп жүрген медициналық қызметкерлерге құрмет көрсетіп, бір уақытта қол шапалақтады. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлайды.

Ел тұрғындары әлеуметтік желіде басталған осындай шараға қолдау көрсетті. Олар үйінің терезесінен немесе балкон, тіпті үйдің төбесіне шығып сәрсенбіден бері күн сайын кешкі 20:00-де жаңа типтегі коронавируспен күресіп жүрген кәсіби мамандарға құрмет ретінде қол шапалақтайды.

Ел тұрғындары медициналық қызметкерлер мен басқа да шұғыл қызметкерлері ерекше құрметке ие. Адамдар Брюссель ауруханаларына тапшы масканы әкеліп береді, мейрамханалар тамақты тегін ұсынады, ал скаут ұйымдары төтенше жағдайда палаткаларымен бөлісты.

11 млн-нан астам тұрғыны бар Бельгияда коронавирустан 10 адам көз жұмды, тағы 1 243 адамның вирус жұқтырғаны анықталды.


Автор Тимур Дүйсекеев


Басты сөздер: Әлем, Коронавирус,
Жоғары қарай