Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 389.52
EUR 429.21
RUB 6.07
CNY 54.94

Байқоңыр 2019 жылғы алғашқы ұшырылымға әзірлік жүргізуде

2019 жылдың 26 наурыз 2019 21:39

БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат - Байқоңыр ғарыш айлағынан кезекті ұшырылым 2019 жылдың 4 сәуіріне белгіленген, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ұшырылымға бортында «Прогресс МС-11» көліктік жүк кемесі бар «Союз-2.1а» зымыран-тасығышы әзірленуде. Бұл, 2019 жылы Халықаралық ғарыш стансасына (ХҒС) ұшырылатын алғашқы ғарыш кемесі болмақ.

«Байқоңыр ғарыш айлағында ресейлік «Энергия» ғарыш корпорациясының мамандары «Прогресс МС-11» жүк кемесіне жанармай және сығымдалған газ толтыру жұмыстарын сәтті орындады. Жанармай құюдан кейін кеме монтаждық-сынақ кешеніне жеткізіліп, әзірліктің соңғы операцияларына арналған стапельге орнатылды», - деп хабарлайды Ресей ғарыш корпорациясының баспасөз қызметінен.


null

Ғарыштық жүк көлігі ХҒС-қа жанар-жағармай, су және басқа да жүктерді жеткізуі тиіс.

Басты сөздер: Байқоңыр, Ғарыш,
Жоғары қарай