Ауа райы
Астана -12 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 386.30
EUR 428.14
RUB 6.08
CNY 54.87

Бәйдібек ауданында өткен денсаулық фестиваліне мыңнан аса адам қатысты

2019 жылдың 16 қыркүйек 2019 16:16

БӘЙДІБЕК. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Бәйдібек ауданында «Денсаулық көрсеткішіне жет» деген ұранмен денсаулық фестивалі өтті. Аудандық орталық стадионда өткен ауқымды шараны аудан әкімдігі мен аудандық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шарада аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Өскен Алдамжаров пен аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің міндетін атқарушы Бексұлтан Рысбеков құттықтау сөз сөйлеп, тұрғындарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Сондай-ақ, М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің 10-сынып оқушысы, тоғызқұмалақтан республика чемпионы Айнакөз Аманжол да жұртшылықты мерекемен құттықтап, замандастарын спортпен шұғылдануға және осы арқылы денсаулықты нығайтуға үндеді.

Мерекелік құттықтаудан кейін шараға жиналған аудан тұрғындары бірінші кезекте стадионды айналып өтіп, қаз-қатар тұрды. Әуенді ырғақпен жаппай жаттығу жасады. Артынша 100 метрге жүгіру, эстафеталық жүгіру, қол күрес, арқан тарту сияқты жарыстар ұйымдастырылды. Сонымен қатар жүгіру, қол күрес, арқан тарту жарыстарынан нәтижелі ойын көрсетіп, жеңімпаз атанғандар арнайы дипломдар мен алғыс хаттармен марапатталды.

Жалпы, аудан орталығында өткен денсаулық фестиваліне мыңнан аса тұрғын қатысты.

Жоғары қарай