Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 386.71
EUR 429.17
RUB 6.02
CNY 54.66

Баянауылда асық ату спортынан Қазақстан чемпиондары анықталды

2019 жылдың 21 тамыз 2019 18:41

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Павлодар облысы Баянауыл ауданында асық спорты ойынынан ардагерлер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Баянауыл ауданында асық атудан өткен чемпионатқа ұлттық ойыннан 60 сұрмерген өзара сынға түсті.

Биылғы чемпионатта командалық есепте ерлер арасында Қостанай, Нұр-Сұлтан, Солтүстік Қазақстан облысынан келген спортшылар топ жарды. Ал қыздар арасындағы бестас ойынында Қостанай, Қызылорда және елорда командасы алғашқы үш орынды өзара бөлісті.

«Өткен жылы мұндай чемпионат Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданында өткен еді. Биылғы ардагерлер арасындағы жарыс өткен жылғымен салыстырғанда жоғары деңгейде болды. Асықшылардың шеберліктері жыл сайын көтеріліп, мергендіктері арта түскен», - дейді Нұр-Сұлтан қаласы асық федерациясының президенті Ескендір Рахметов.

Сондай-ақ, асық атудың ардагерлерінің арасында ақмолалық Науан имам жақсы ойын көрсетті. Ауыл имамы Балуан Шолақ атындағы Ұлттық спорт түрлерінің жасөспірімдер спорт мектебінде екі жыл жаттығып жүр.




Жоғары қарай