Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 379.75
EUR 415.18
RUB 5.78
CNY 54.19

Бауыржан Исламхан «Зенитке» ауысуы мүмкін

2020 жылдың 17 қаңтар 2020 17:59

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан Санкт-Петербургтің «Зенит» командасына ауысуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл ақпаратты «Зенит» футбол клубының Александр Медведев растады. Ол ресейлік ақпарат порталына Қазақстан құрамасы капитанының Катардағы оқу-жаттығу жиындарында жүргенін айтқан . Енді «Қайраттың» бұрынғы ойыншысы ресейлік клубта қаралымнан өтеді.

Бауыржан Исламханның «Қайратпен» келісім-шарты өткен маусымның соңында аяқталған. Айта кетейік, ол 2015-2017 жылдары Қазақстанның үздік жартылай қорғаушысы, 2014 және 2016 жылы Қазақстанның үздік футболшысы атанған.


Фото: kff.kz

Автор Қасқырбай Қойшыманов
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай