Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 389.52
EUR 429.21
RUB 6.07
CNY 54.94

Батыс Қазақстанда күн суытады

2019 жылдың 21 қыркүйек 2019 17:05

ОРАЛ.ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында жел күшейіп, күн суытады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметі бойынша 22 қыркүйекте күндіз өңірдің кей жерінде батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Сондай-ақ, кей жерде тұман түседі.

Оралда 22 қыркүйекте түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.

23 қыркүйектеоблыста оңтүстік-батыс және батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20,кей жерлерде 23-28 метрге жетеді.

Желдіңекпіні секундына 30 метрге жетіп, одан асуы ықтимал.

24қыркүйекте түнде кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) түсіп, күн 1-3градусқа дейін суытуы мүмкін.

Осыған байланысты, БҚО ТЖ департаменті тұрғындар арасында төтенше жағдайларды болдырмау, өмірлік маңызы зор нысандар жұмысын, электр және байланыс желілерінің үзілмеуін қамтамасыз ету мақсатында ескерту жарияланып, тиісті шаралар алынып жатқандығын хабарлады.


Жоғары қарай