Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 386.82
EUR 428.67
RUB 5.86
CNY 54.95

Батыс Қазақстанда боранға байланысты жолдар жабылды

2019 жылдың 24 қаңтар 2019 21:41 1136

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында боранға байланысты жолдар жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінен түскен мәліметке қарағанда, жергілікті сағат 19.00-ден бастап республикалық маңызы бар «Қазталов-Жәнібек-РФ шекарасы» және «Өнеге-Бисен-Сайқын» жолдарында барлық қозғалыс түрлері үшін шектеу қойылды.

Бұл жерлерде боран соғып, желдің жылдамдығы секундына 20 метрге дейін жеткен.

Осыған байланысты тұрғындарға СМС хабарламалар жіберілуде.

Қазіргі кезде Орал қаласында да бұрқасын көтеріліп, жел күшейіп тұр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын өңірде бұрқасын көтеріліп, желдің күшейетіні жөнінде жазған болатынбыз.

 

 

 

Жоғары қарай