Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 376.26
EUR 425.63
RUB 5.68
CNY 55.61

Батыс Қазақстанда бірнеше адам суға кетті

2018 жылдың 23 шілде 2018 19:01 112

ОРАЛ. ҚазАқпарат  - Батыс Қазақстан облысында соңғы күндері бірнеше адам суға кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәлімет бойынша кеше таңертең 09.30 шамасында Ақжайық ауданы Бударин ауылында жергілікті екі тұрғын Бударин каналынан 1959 жылғы азаматтың мүрдесін тауып шығарған.

Марқұмның неден қайтқаны анықталу үстінде.

Бұдан  бір күн бұрын осы ауданның Ақсуат ауылында 1960 жылғы тұрғынның денесі шығарылды. Ол Жайық өзеніне суға түсуге болмайтын жерден шомыламын деп, сағат 21.00-де батып кеткен.

 БҚО ТЖ департаментінің жедел құтқару жасағынан алынған мәліметке қарағанда, 19 шілде күні Оралға қарасты Рыбцех ауданы маңында тағы бір қайғылы оқиға болды.

Екі ер адам Шаған өзенін жүзіп өтпек болған кезде біреуі жағаға жете алмай қалған. Құтқарушылар сағат 17.33-те шақырылған.

Орал қалалық мәдениет және демалыс саябағында орын тепкен құтқару бекетінің құтқарушылары оқиға орнына екі минуттан кейін жеткен. Өкінішке қарай, сүңгуірлер марқұмның денесін ғана алып шықты.

Сонымен қатар бүгін Оралда таңертең сағат 07.40-та құтқарушылар шақыртылып, Шаған өзенінде су бетінде қалқып жүрген тағы бір ер адамның мүрдесі табылды.

Еске сала кетейік, соңғы кезде облыста суға кету оқиғалары жиілеп тұр. Бұдан бұрын Ақжайық ауданында ер адамның Жайық өзеніне батып кеткенін жазған болатынбыз. 

 

 

Жоғары қарай