Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 386.71
EUR 429.17
RUB 6.02
CNY 54.66

Батыс Қазақстанда 119 адам қызылша жұқтырған

2019 жылдың 11 қыркүйек 2019 17:18

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында 119 адамның қызылшамен ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Ринат Құбатаевтың айтуынша, соның 54-і немесе 45,4 пайызы - балалар.

Орал қаласында 75, Бәйтерек ауданында 23, Бөрліде 7, Бөкей ордасында 6, Сырымда 4, Теректіде 4 адамның қызылшамен ауырғаны анықталды.

Ауырғандардың 44,4 пайызы – 20 жастан асқан егілмеген тұрғындар, сонымен қатар 46,2 пайызы – 1 жасқа дейінгі, егу жасына жетпеген сәбилер.

Р.Құбатаевтың сөзіне қарағанда, 16 қыркүйектен бастап облыста 20-29 жастағы адамдарды қызылшаға және қызамыққа қарсы қосымша егу жұмыстары жүргізілмек. Мұнымен облыс бойынша 64700 адамды қамту көзделуде.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық өңірлік бюросының биылғы 30 шілдедегі деректеріне сәйкес 49 елде 130 мыңнан астам адамның қызылшамен ауырғаны тіркелген. Әсіресе, бұл жөнінен Украина (84394), Қазақстан (9430), Грузия (4950), Израиль (3982), Ресей (3494), Қырғызстан (2928), Түркия (2669), Франция (2368), Италия (1831) елдерінде қолайсыз жағдай қалыптасқан.

Қазақстанда қызылша бойынша асқыну өткен жылдың қараша айында басталып, биылғы қаңтар-ақпанда өрши түскені байқалған.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қызылшамен ауырған 100 адамның жартысына жуығы балалар екенін жазған болатынбыз.




Жоғары қарай