Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 389.34
EUR 428.78
RUB 6.05
CNY 55.45

Баскетбол: «Астана» ВТБ матчында «Химки» командасынан жеңіліп қалды

2019 жылдың 21 қазан 2019 08:28

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Астана» баскетбол клубы ВТБ Біріккен Лигасының кезекті чемпионатының аясында ресейлік «Химки» командасымен ойнады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Бірінші, екінші және төртінші кезеңдерде «Астана» «Химкиден» жеңіліс тапты, ал ойынның үшінші бөлігінде қонақтар қарсыластарынан басым түсті.

Астаналық команда құрамында ең көп ұпайды Джеремайя Хилл (16), Малкольм Хилл (11), Душан Ристич (10), Александр Жигулин (8), Айзея Уайтхед (7), Коти Кларк (4) жинаған.

4 қарашада «Астана» Санкт-Петербургтен келетін «Зенит» командасын қабылдайды.

ВТБ Біріккен Лигасы. 3 айналым.

«Химки» - «Астана» - 73:56 (20:13, 16:12, 16:20, 21:11).

Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай