Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы -8 °С
валюта бағамы
USD 386.44
EUR 428.37
RUB 6.06
CNY 54.93

Бас прокуратура өкілі Әбілязовтің әлеуметтік желідегі белсенділігіне қатысты пікір білдірді

2019 жылдың 19 қыркүйек 2019 18:13

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат- ҚР Бас прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің бастығы Сапарбек Нұрпейісов Мұхтар Әіблязовтің әлеуметтік желідегі белсенділігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мұхтар Әбілязов соңғы кезде әлеуметтік желіде белсенді. Шын мәнінде ол кім еді? Тоқсаныншы жылдардың басында Энергетика министрі болған. 1999 жылы қызметін пайдаланып ақша жымқырғаны үшін қызметінен босатылды. 2002 жылы Әблязов соттың үкімімен 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Бір жылдан кейін рақымшылық туралы өтініш түсірді. Сол кездегі ел Президенті оның өкінетініне сеніп, бостандыққа шығарды. Бірақ Әбілязов шындап өкінбепті. Ол өзінің қылмысты жолын жалғастыра берді. Серіктесін өлтіріп, банкті иемденді, миллиардтаған доллар ұрлап, шетелге қашты. Оның аты-шулы қылмыстарын тағы еске салайын. 2005 жылы Әбілязов БТА банктің төрағасы, өзінің серіктесі Ержан Тәтішевті өлтіруге тапсырыс ұйымдастырды. Тапсырысты орындаушы – Тоқмәди Әблязов өзін 4 млн долларға көндіргенін айтып берді. Ол қылмыстың жай-жапсарын толық баяндады. Әбілязовтің жоспары бойынша ол қылмыс аң аулау кезіндегі оқыс оқиға болып көрінуі тиіс болған», - деді Бас прокуратура өкілі.

Ведмство өкілі Әбілязовке Украина мен Ресейде де іздеу жарияланғанын еске салды. Сондай-ақ, ол Әбілязов ісі бойынша бүгінге дейін42 адам сотталғанын айтты.

«Әрине, Қазақстан Әблязовтің ізіне заң аясында түсе береді. Мұны Әбілязов түсінеді және қорқады. Өзін саяси себеппен қудалауда деген ақпарат таратып жүр. Ал шынында оның ісінде ешқандай саясат жоқ. Биыл шілде айында Нью-Йорк соты оның өтірігін әшкерелеп, саяси қуғын туралы уәждерін жоққа шығарды. Бұрын Лондон соты да сондай қорытындыға келіп, одан 4 млн доллар өндіріп, өтірік жауап бергені үшін 22 айға соттаған болатын. Ұлыбритания ІІМ оны саяси тұтқын мәртебесінен айырды», - деп толықтырды Сапарбек Нұрпейісов.


Жоғары қарай